АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін Франция да қауіпсіздік мақсатында Йемендегі елшілігін жауып тастады. Елшілік жұмадан кейін өз жұмысын толықтай тоқтатып, дипломаттар елге қайтады.
"Елде орын алып жатқан жағдайларға байланысты және қауіпсіздік мақсатында уақытша Йеменнен кетулеріңізді сұраймыз" делінген Франция елшілігінің Йемендегі француздарға жазған үндеуінде.
Айта кетейік, бұған дейін Вашингтон мен Лондон да араб еліндегі дипломатиялық өкілдерін кері қайтарып алған болатын. Өйткені, елдегі шииттік көтерілісшілер билікті басып алғандығын мәлімдеді. Олар парламентті таратып, уақытша президенттік кеңес құратынын хабарлап отыр.
hibatulla.kz