Германияда бастау алған «Pegida» антиисламдық қозғалысы алғаш рет Швецияда елінде де өз жалғасын тапты, бірақ, қозғалысты ұйымдыстырушылар өз мақсаттарына жете алмай, ұятқа қалды.
Швецияның Мальмо қаласында өткен исламға қарсы қозғалысқа небәрі оннан аса адам ғана қатысқан.
Бір қызығы, Мальмо қаласының Стортогет базарында жиналған қозғалысшылардың бұл әрекетіне қаладағы 5 000 адам қарсы шығып, Ислам мен мұсылмандарды жақтаған.
Олар қарсылықтарын «Pegidа» антиисламдық қозғалысын ұйымдастырған адамдарға жұмыртқа және қызанақтар лақтыру арқылы көрсеткен.
Сонымен қатар, қаладағы лютерандық шіркеу де исламға қарсы ұйымдастырылған қозғалысқа өз қарсылықтарын білдірді. Олар Исламды жақтап, шіркеудегі қоңырауларды қаққан.
Сол күні елдің бірнеше қаласында Ислам мен мұсылмандардың мәртебесін көтеру мақсатында көптеген акциялар өткізілген екен.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті