Индонезиялық жүздеген қыз-келіншектер Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласының дипломатиялық кварталында орналасқан Индонезия елішілігінде бас қосып, «Шығармашылық хиджаб» атты кездесу ұйымдастырды.
«Ислам заңдарына бағынып, Алла әмір еткен шариғат шәлісін жамылу индонезиялық миллиондаған қыз-келіншектердің өз қалауы. Өйткені, хиджаб иманның, әйел адамның қорғаны», - дейді елшілік төрағасының әйелі Иво Мериянти Сунарко (Ivo Meriyanti Sunarko).
Сунарко өз сөзінде тағы мынаны айтты: «Индонезия әлем мұсылмандарының 88% өмір сүретін мемлекет. Біздің елде Ислам мәдениеті мен тарихы әркез бірінші орында тұратыны сөзсіз. Сонымен қатар, Индонезия Сауд Арабиясы мен Таяу Шығысқа хиджаб нарығын экспорттайтын бірден бір ел. Индонезиялық мұсылман қыз-келіншектер әлемде мұсылман сән әлемінің қарқынды дамуына үлкен үлес қосып отыр. Жыл сайын Исламды қабылдаушылар саны артып келеді, әсіресе бұл көрініс жастар арасынан орын алуы бәрімізді қуантар жағдай».
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті