Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имам молдаларға дәріс оқыды.
Мүфти-хазірет уағыз барысында ілім іздеген имам-молдаларға халықты бірлік пен ынтымаққа, ізгілік пен имандылыққа ұйытудың мәні мен маңызы жайлы сөз етті. Сонымен қатар, діни біліммен шектелмей, дүниеуи ілімдерді де оқып-тоқудың қажеттілігін түсіндірді. Әсіресе, сөйлеу шеберлігін арттыратын шешендік өнерді меңгерудің қажеттілігін баса айтты.
Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білімін артыруға аса мәнберіп отырғанын жеткізіп, қоғамдық мәселелерге қатысты пәтуа шығарудың әдіс-тәсілдерін тәптіштеп түсіндірді.
Институт директоры Кенжәлі Мырзабаевтың айтуынша, компьютер сыныбы, кітапхана, дәрісхана, намазхана, жатын бөлмелер имамдардың еркін құлшылық жасауына, кедергісіз білім алып, ізденуіне қызмет етуде. «Мұнда барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, ғимарат күрделі жөндеуден өтті», – дейді К.Мырзабаев.