Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter микроблогтар қызметінде Дүниежүзілік темекі тартудан бас тарту күніне орай кеше алғашқы твитін жариялады, деп жазады Анадолу агенттігі.
Түркия президенті өзінің алғашқы твитін Twitter @RT_Erdogan адресінен жариялады.
«Темекі – тек темекі тартатын адам үшін ғана емес, онымен бірге бір бөлмеде отырған басқа да жазықсыз адамдар үшін зиянды жасырын у», - деп жазды Түркия басшысы.
Одан әрі президент өз ойын былай жалғастырды: «Бүгін Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні. Күш-жігеріңді жинап, бұл удан бас тарт».
hibatulla.kz