Брэд Питт пен Анджелина Джоли Сириядан бала асырап алды

Брэд Питт пен Анджелина Джоли Сириядан бала асырап алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ерлі-зайыптылар бұл жолы сириялық екі жасар сәбиді қамқорлығына алған. Бұған дейін БҰҰ атынан Түркиядағы сириялық босқындардың лагеріне барып, олардың хал-ахуалымен танысқан Анджелина іс-сапардан кейін осындай шешімге келіпті.

Голливудтың әйгілі жұлдызды жұбы Брэд Питт пен Анджелина Джоли осымен төртінші баланы асырап алды деп жазады Woman's Day порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, актрисаға Мұса есімді жетім баланың тағдыры қатты әсер етіп, ол сәбиді өз тәрбиесіне алуды шешкен көрінеді.

"Ол Анджелинаға еркелеп, кейін өз анасындай құшақтады. Бұл бәрінің жүрегін елжіретті. Актриса оның маңдайынан сүйіп, мұнан кейін екеуі еш айрылған жоқ", - дейді сол жерде болған куәгерлердің бірі.

Қазіргі таңда Питт пен Джоли құжат рәсімдеумен айналысып жүр.

Айта кетейік, 39 жастағы Анджелина Джоли мен 51 жастағы Брэд Питт бұған дейін үш баланы асырап алған болатын. Олар камбоджалық Мэддокс, вьетнамдық Пакса және эфиоп қызы Захара.

Ал жұлдызды жұптың бұлардан бөлек тағы үш баласы бар: қызы - Шайло және Нокс пен Вивьен есімді егіз ұлдар.

nur.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: