Бағдад тұрғындары 12 жылға созылған коменданттық сағаттың алынғанын тойлап жатыр. Бұл жайында Рейтер агенттігі хабарлайды.
Коменданттың тыйым жүйесі америкалықтар қаланы басып алған соң басталған. Елдің премьер-министрі Хайдер Абади мұндай шешім жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданғанын айтады.
Коменданттық сағат Ирак астанасындағы соңғы қақтығысқа қарамастан алынып отыр.
Еске сала кетек, сенбі күні "Ислам Мемлекеті" радикалды тобы шабуыл жасап, 40 адам қайтыс болған еді. Десе де, режимнің аяқталғанына жергілікті халық пен саудагерлер дән риза.
Айтуларынша, енді сауданы дөңгелетуге қолайлы жағдай тумақ. Өйткені коменданттық сағат бітеді деп, алаңдап, үй жаққа асығудың қажеті болмайды.
"Ирактағы көптеген мейрамханалар мен қонақ үйлердің табысы түн уақытында қызады. Коменданттық сағаттың алынуы, пайдаға кенелуге мүмкіндік береді деген сөз", - деді "Масаа" газетінің бас редакторы Салам Алзубади.
Сондай-ақ ол коменданттық сағаттың жалпы ел экономикасына оң әсер ететінін де атап өтті.
hibatulla.kz