АҚШ Азия елдерін ИСИМ содырларымен күресуге шақырды

АҚШ Азия елдерін ИСИМ содырларымен күресуге шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ үкіметі ИСИМ содырларымен күресті күшейту үшін Шығыс Азия мемлекеттерін одақтасуға шықырып отыр.

АҚШ елшісі Джон Аллен осы мақсатпен одаққа мүшелікке өтетін 62 мемлекеттің басшысымен кездесуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, қазір халықаралық одақ мамандары жаттықтырып жатқан Ирак әскері лаңкестерге қарсы шабуылдар жасайды.

Халықаралық коалицияны басқаратын АҚШ Ирактағы әскери қимылдарды 2014 жылдың тамызында, ал Сирияда қыркүйек айында бастаған болатын.

ИСИМ террористік тобы 2014 жылдың жаз айларында күшейіп, Сирия мен Ирактың басым бөлігін жаулап алған еді. 29 маусымда өздері басып алған өңірлерде «халифат» құрып, әл-Бағдадиді «халиф» етіп сайлап алды, ал «халифат» астанасын Мосул деп жариялады.

Bnews.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: