«Ислам мемлекетінде» бір де бір Құран жоқ

«Ислам мемлекетінде» бір де бір Құран жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өздерін «Ислам мемлекеті» деп атап жүрген ИГИШ лаңкестік тобының кепілінде 10 ай болған француз журналисі Дидье Франсуа (Didier Francois) басынан өткерген жағдай жайында сұхбат берді.

Ол  «Ислам мемлекетінің» мүшелері өзара әңгімелері арасында  Ислам немесе Құран туралы сөз қозғау былай тұрсын, олардың қолында бір де бір Құранның данасы болмағанын айтты. 

«Олар ешқашан Құран аяттарын ауыздарына алып сөйлеген емес, айтатындары тек саясат қана. Олардың Құранмен, Исламмен еш байланысы жоқ. Тіпті қолдарында мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Құранның да  бір де бір данасы  жоқ», - дейді Франсуа.

Естеріңізге сала кетейік, Дидье Франсуа ИГИШ лаңкестерінің  кепілінен өткен жылдың сәуір айында босап шыққан болатын.  

 hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда  сілтеме көрсетуіңіз міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: