Ресей мүфтилер кеңесінің жетекшісі Равиль Гайнутдин Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жазып, оқу орындарында мұсылман қыздарының хиджаб киюіне рұқсат беруін сұрады.
"Сізге мүфти ретінде және әке ретінде өтініш айтып отырмын, біздің ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына қол ұшын созыңыз, біздің қыздарымызды, немерелерімізді қорғауыңызды сұраймын. Олар біздің ұлы еуразиялық державамыздың болашағы" деп айтылған мүфтидің Путинге жазған хатында.
Айта кетейік, 11 ақпан күні Ресей Жоғарғы сотында Мордовия мектептерінде қыздардың хиджаб кию мәселесі қаралады. Бұған дейін 2014 жылдың қазан айында сот мектеп оқушыларының діни киім киюіне тыйым салған болатын.
hibatulla.kz