Сауд Арабиясы бірнеше елге Мекке мен Медина қалаларына қажылық миссиясын жасауға уақытша тиым салды. Оған осы қалалардағы қажылық кеңселердің заңсыз жұмыс жасап келгені себеп болып отыр.
Ендігі уақыттан бастап, қажылық-кеңселерге жыл сайын тек қажылық маусымдарында ғана Шәууіл айынан бастап Мухаррам айына дейін жұмыс жасауға рұқсат берілетін болады.
Ресми дереккөздердің хабарлауынша, «Сауд Арабиясы билігінің рұқсатын алмаған бірнеше қажылық-кеңселер елдің 3 қаласында агенттер арқылы заңсыз ақша алып, жұмыс жасап келген».
Заңсыз жұмыс жасап келген қажылық-кеңселермен күресу мақсатында бірнеше елге Мекке мен Медина қалаларында қажылық парызын өтеуге осылайша уақытша тиым салынып отыр.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті