Иордания королі Абдалла II "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресті аяусыз жүргізетінін мәлімдеді. Күні кеше аталған лаңкестік топтың өкілдері иордан ұшқышын тірідей өртеп жіберген болатын.
Бұған дейін қауіпсіздік қызметі басшыларымен жиналыс өткізген король соғысты "Ислам мемлекеті" орналасқан барлық елде жүргізуге тапсырма берді. "Лейтенант Моаз әл-Кассабехтің қаны үшін кек аламыз" деді король аталған жиын барысында.
Айта кетейік, ұшқыштың өлімінен кейін иордан билігі түрмеде отырған жиһадшы-лаңкестерді дереу өлім жазасына кесіп, үкімді сол мезетте орындады. Кейбір деректерге сүйенсек, барлығы алты тұтқын жазаланған. Арасында жанкешті әйел Саджида Ришауи де бар.
hibatulla.kz