Компьютерлік ойындар оқушылардың сабақ үлгірімін төмендетеді

Компьютерлік ойындар оқушылардың сабақ үлгірімін төмендетеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Компьютерлік ойындар оқушылардың сабақ үлгірімін едәуір төмендетеді. Барселонадағы Автономды университет ғалымдары жүргізген зерттеулерден соң осындай қорытындыға келген. 

Сондай-ақ қалта телефондарының да балаларға келтіретін пайдасы шамалы екендігі анықталды.

Бұл ғылыми зерттеуге 5,5 мыңға жуық шәкірт қатысқан. Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәулігіне кемінде 1 сағаттан астам уақыт бойы компьютерлік ойын ойнаған оқушылардың есте сақтау қабілеті нашарлаған.

Ғаламторға жиі кіріп, онда тұрақты отыратын жасөспірімдердің оқуға деген ынтасы төмендеп, физикалық белсенділігі кеміген.

Ал ата-ана назарынан тыс қалып, ғаламторға шектен тыс үйір болып кеткен балалар арасында ішімдік ішу мен тіпті есірткілік заттар пайдалану жағдайлары да кездесіп отыр.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: