Осымен үшінші жыл қатарынан аталып өтетін «Бүкіл әлемдік шариғат шәлісі» күніне әлем бойынша шамамен 10 млн адам қатысуы мүмкін.
Дәстүрге айналған осынау игі шараға мұсылмандармен қатар мұсылман емес әйелдер де атсалысып келеді.
Жылдан жылға қанатын кеңге жайып келе жатқан аталмыш акция ақпан айының 1-і күні аталып өтеді. Осы күні ниет білдіргендер бір күн бойы бастарына орамал тартып, шариғат шәлісінің қадір-қасиетін паш ететін болады.
islam.kz