Samaa TV телеарнасының хабарлауынша, қазір жарылыстан жапа шеккендердің жағдайы өте ауыр. Жарылыс жергілікті мұсылмандар жұма намазын оқып жатқан уақытта болған. Полицейлердің алдын-ала таратқан мәліметтеріне сүйенсек, лаңкес жарылғыш затты денесіне байлап алып кіріп, мешітте жарған.
Жарылыстың күшті болғаны сондай, мешіттің төбесі опырылып ортасына түскен. Ондаған адам үйіндінің астында қалып, тек құтқарушылардың көмегімен шығарып алынған. Әзірге лаңкестік актіні ешбір ұйым өз мойнына алмай отыр. Елде 3 күндік аза тұту күні жарияланды.
Пәкістан халқының басым бөлігі мұсылман-сүнниттер. Шииттер қауымы негізінен елдің оңтүстігі мен шығысында тұрады.
hibatulla.kz