Пентагон басшысы Чак Хейгел АҚШ «Ислам мемлекеті» ұйымымен күресу үшін Иракқа әскерін кіргізетінін мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.
Хейгелдің айтуынша, америкалық әскерилер әскери іс-қимылдарға қатыспайды, тек лаңкестік ұйым жөнінде мәлімет жинап, жергілікті әскери құрылымдарға көмек көрсетеді. Қазір АҚШ содырлардың бекеттеріне әуеден шабуыл жасаумен ғана шектеліп отыр.
Алдағы уақытта Иракқа жөнелтілетін сарбаздар жергілікті әскерилерге жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Мұның алдында Пентагон өкілдері Иракқа 400 маман жіберіп, лаңкестермен күрес жүргізіп жатқан сириялық көтерілісшілерді оқытатынын хабарлаған болатын.
hibatulla.kz