Қырғыз мұсылмандары халықты франциялық иіссулардан және осы елде шығарылатын өзге де тауарларды сатып алудан бас тартуға шақырып отыр. Осылайша олар Мұғаммед Пайғамбарды әжуалаған Charlie Hebdo журналына қарсылық танытпақ. Бұл жайында «Интерфакс» хабарлайды.
Бүгінгі таңда Ош облысында Пайғамбарды сүюге арналған апталық өтіп жатыр. Бұл уақыт аралығында облыстың имамдары халыққа Алла елшісінің өмірі, көркем істері жайында баяндап, одан үлгі алуға шақырады.
Бірнеше күннен бері Ош облысына қарасты аудандардың бірінде "Мен өз пайғамбарымды сүйемін" деген атаумен митинг өтіп жатыр. Оның ұйымдастырушылары жергілікті халықты француз парфюмдік өнімдерінен бас тартуға шақыруда.
Айта кетейік, Қырғызстан халқының 90 пайыздайы ислам дінін, оның ішіндегі сүнниттік бағытты ұстанады.
hibatulla.kz