Бірде пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Алла жанында ең сүйікті құлдар кімдер болады?” деп сұрады. Сонда: “Ең көркем ахлаққа ие болғандары”, – деп жауап береді.
Ғибадаттар қалай дініміздің әмірі болса, ахлақи міндеттерді орындау да дініміздің әмірі. Исламдағы ғибадаттардың негізгі мақсаты – адамдарды жаманшылықтан тыйып, ізгі ахлақты болуға тәрбиелеу. Осы мақсатта «Шәкіржан ата» мешітінің имамы жамағатқа "Исламдағы әдеп" тақырыбында уағыз-насихатын айтты. Жамаған арасында көбіне әдеп сақталмайтындығын, дәретханаға кіргенде, мешітке келген орындалатын әдептердің барын және осы нәрсеге көңіл бөлу керектігін алға тартты.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі