Сауд Арабиясының жаңа королі қызметкерлердің айлығын 2 есеге көтерді

Сауд Арабиясының жаңа королі қызметкерлердің айлығын 2 есеге көтерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының жаңа королі Салман ибн Абдул Әзиз әл-Сауд барлық мемлекеттік қызметкерге 2 есе еңбекақы төлеу туралы қаулы шығарды.

Мұндай кеңшілік мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге де жасалып отыр. Жастарға 2 айлық шәкіртақы беру туралы шешім қабылданды.

Сауд Арабиясының патшасы бірден 30 жарлыққа қол қойған. Ол министрлер кабинетінде соңғы жылдардағы ең ауқымды өзгерістер жасады. 9 министрліктің басшысы ауыстырылды. Мұндай өзгеріс губернаторларға да қатысты жүзеге асты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын бұрынғы король Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд 91 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: