Еуропалық комиссия бүгін Шенген ақпараттық жүйесін (SIS) жаңғырту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Казинформ" агенттігі хабарлайды.
Ол лаңкестікке қатысы бар адамдарды анықтауға септеспек, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен. SIS модификацияланған соң Шенген келісіміне мүше елдердің тиісті органдары лаңкестікке қатысы бар деп сезіктелетін адамдар туралы ақпарат алмаса алады.
Аталып өтілгендей, жаңашылдық кедендік бақылау тиімділігін арттырып, Еуроодақ сыртқы шекарасындағы лаңкестікке қатысы бар адамдарды анықтауға көмектеседі.
ЕО кедендік режімінің күшейтілуі Еуропалық одақтың Франциядағы 7-9 қаңтарда болған лаңкестікке деген жауап әрекетінің бір бөлігі болып табылады.
hibatulla.kz