#Шу: 145 түп ағаш отырғызылды

#Шу: 145 түп ағаш отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.  

Осы мақсатта Шу өңірінің барлық мешіттері абаттандыру жұмыстарын бастап кетті. Атап айтсақ, "Бірлік" мешітінде 20 түп алма ағашы отырғысылса, Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешітінде 50 түп жеміс ағаштары, "Бірлікүстем" мешітінде 50 түп алма, 25 түп алмұрт көшеті отырғызылды.

Игі істі мешіт имамдары, шәкірттер мен белсенді жамағат бірлесіп атқарды. Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбарымыздың тал отырғызуға үндеген мынадай хадисін еске салайық: «Қандайда бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады».

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: