Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Гвардейский қалашығында 30\212 әскери бөлімшеснің солдаттарымен жүздесті.
Білікті имам жат ағымның алдын алу мақсатында экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға 200 Отан алдындағы борыныш өтеуші азамат қатысты.
Имам жат ағымдардың ұстанымы, адасқан тұстары, қоғамға алып келетін зияндары, ислам діні құптамайтын әрекеттер турасында тілге тиек етіп, дінді өз маманынан яғни имамдардан үйреніп, сұрақты да имам-молдаларға қою керектегін жеткізді. Көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, дәлелдер келтіріп өтті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі