Сербияның Нови Пазар қаласында 5 000 адам Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) бейнеленген карикатураға қарсы бейбіт акция өткізді.
Акцияға қатысушылар қала көшелерінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі жазылған плакаттар ұстап, мұсылмандардың құқығы мен наным-сенімін құрметтеуді талап ететіндіктерін жеткізді.
Бейбіт акциядан кейін, жергілікті имам Ирфан Малич сөз сөйлеп: «Жергілікті мұсылман жұртшылығы Париждегі қантөгісті лаңкестік әрекет деп емес, кісі өлтіру фактісі деп қабылдайды», - деген мәлімдемесін жеткізді.
«Мұсылмандар терроршылар емес және Исламның терроризммен еш байланысы жоқ. Біз түрлі лаңкестік әрекеттертерге қарсымыз, ал Париж қаласындағы қанды оқиғаға сол карикатураларды жасаған адамдар кінәлі, өйткені олар жер бетіндегі барша мұсылмандарды қорлады, асыл дініміз Исламға тіл тигізді, біздің сүйікті Пайғамбарымызды (с.а.у.) қорлады», - деді имам Ирфан Малич.
Нови Пазар – Сербия елінің оңтүстік өңірінде орналасқан Санджак аймағындағы қала. Бұл қалада мұсылмандар саны өте көп.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті