Басылымның 2015 жылғы ақпан айындағы санында жарияланатын материалдарға қысқаша тоқталайық. 2015 жылдың №2 (127) саны Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Үлкен жиһад – нәпсіңмен күрес» деген мақаласы «Бас мүфти мінбері» айдарымен ашылған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуә бөлімі дайындаған«Исламның зайырлы білім алуға көзқарасы» атты пәтуәсі, «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Алланы көп зікір ету», «Ақида» айдарымен «Дініміздегі түрлі мәзһабтың сыры неде?», «Тәпсір» айдарымен наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораздың «Нас сүресі», «Сахих хадис» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Жәннатқа бірінші кім кіреді?» тәржімасы, «Хикаяттар» айдарымен «Аят түсуіне себепші оқиғалар», «Парыз»айдарымен «Намаз уақыттарының хикметі», «Зерде» айдарымен «Адал кәсіппен табыс тап», «Ой салу» айдарымен «Асыл құндылықтардың негізі» атты танымдық мақалалары жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол материалдар жетерлік. Атап айтқанда:
«Жатта да айтып жүр» айдарымен «Күнделікті дұға», «Балаларға базарлық» айдарымен «Сүт ананың ізделуі», «Жанайқай» айдарымен «Бұзылған бейіт», «Таным» айдарымен«Шайтанның достары кімдер?», «Ғибрат» айдарымен «Бала мен алма ағашы», «Ой салу»айдарымен «Тілі бұзылған қауымды Тәңірі сүймейді», «Тарихи таным» айдарымен «Керей – қазақтың тұңғыш ханы», «Жыр жауһар» айдарымен «Балаларыма өсиет», «Шипа Алладан»айдарымен «Сынық салу Жаратушыдан берілген қасиет», «Ойласу» айдарымен «Әйел бақыты күйеуіне бойсұнуда», «Жаңа жоба» айдарымен «Екі қабатты киіз үй» атты материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.