Ресейліктердің 89% діни карикатуралардың жариялануына тиым салуды қолдайды

Ресейліктердің 89% діни карикатуралардың жариялануына тиым салуды қолдайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақын күндері Ресейде жүргізілген арнайы әлеуметтік сауалнама барысында елдегі азаматтардың көпшілігі діни карикатулардың жариялануына тиым салуды  қолдайтындықтарын жеткізген.

Сауалнама бойынша белгілі болғаны ресейлік азаматтардың 62% діни карикатураларды жариялауға жол бермеу керек деп санайды. Сонымен қатар, азаматтардың 89% ондай карикатуралардың Ресейде жариялануына мүлдем тиым салуды қолдайтындықтарын жеткізді.

Ал сауалнамаға жауап бергендердің 46%  Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарға жасалған карикатураны «франциялық журналдың мұсылмандарды қорлаған жауапсыз іс-әрекеті» деп атаса, қалған 14% бұл жағдайды «Батыстың мұсылмандарға жасаған жоспарлы шабуылы» деп ойлайтындарын айтқан. Бұл туралы «Газета.ру» басылымы хабарлады.

Айта кетерлігі, сауалнамаға жауап берген  ресейлік азаматтардың  6%  діни карикатуралардың жариялануын қолдайтындықтарын білдірген. Ал 5% франциялық «Шарли Эбдо» журналы жариялаған Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар туралы карикатураларды сөз еркіндігі деп ойлайды екен.

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: