Ислам дінінің өкілі соңғы кезде бүкіл әлемде бел алған селфиді (өзін өзі суретке түсіру) ауыр күнәлардың қатарына жатқызып отыр.
Оның айтуынша, бұл нағыз тәкаппарлық пен менмендіктің белгісі. Индонезиялық Феликс Сиау өзінің Твиттер парақшасында селфиден не үшін бас тарту керектігін жазып шыққан.
Әсіресе, мұсылман қыздарының бұлайша суретке түсуі оларды күнәһар етеді дейді ол. Оның айтуынша, өзін суретке түсіруге құмар жандар өзіне назар аударғанды жақсы көреді және өзгелерден өзін үнемі жоғары санайтын көрінеді.
"Біз күнәлардың ең ауырына шалдығып отырмыз, ол - тәкаппарлық" дейді Сиау Твиттердегі жазбасында.
hibatulla.kz