Германияның жас футболшысы Дэнни Блум (Danny Blum) Ислам дінін үміт пен қайсарлылықтың діні ретінде бағалап, өзінің Исламды қабылдайтынын мәлімдеді.
«Ислам маған үміт пен күш-жігер сыйлады. Намаз бен дұға менің жанымды тыныштандырады. Мен өзімді енді тапқандай болдым», - дейді Блум «Bild» басылымына берген сұхбатында.
Блум өткен жылдан бері Баварияның «Нюрнберг» футбол клубында ойын көрсетіп келеді. Бұл команда Германия, Бундеслиги құрамасында екінші дивизиондық кәсіби футбол бойынша ойнайды.
Футболшы Блум мұсылман болу туралы шешімін осыдан бірнеше апта бұрын қабылдаған. Ол достарымен дін туралы әңгімелесе отырып, Исламға келуді жөн көрген. Оның ата-анасы христиан дінін ұстана тұра, ұлдарының мұсылман боламын деген шешіміне сыйластық танытып, дұрыс көзқараста болған.
«Мен мешітке алғаш келгенімде, Ислам менің дінім екенін жүрегіммен сезіндім. Енді ол туралы көбірек білгім келеді», - деп бөлісті өз сезімімен мұсылман футболшы.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті