Үндістан: селфи үш адамның өмірін қиды

Үндістан: селфи үш адамның өмірін қиды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанда селфи (өзін өзі суретке түсіру) жасамақ болған үш жеткіншек пойыздың астына түсіп қайтыс болды деп жазады The Times of India. Нью-Дели қаласынан Аграға бет алған колледж студенттерінің жасы 20 мен 22 арасында болған. 

26 қаңтар күні таңертең темір жолды кесіп өтпек болған төрт студент жарты жолда тоқтап, суретке түспек болған көрінеді. Ал, сурет әсерлі шығу үшін олардың үшеуі жақындап келе жатқан пойыздың алдына тұра қалған. Төртіншісі жағдайды сырттан бақылапты. Оның айтуынша, қайтыс болған үш студент фотоаппаратқа қараймыз деп пойыздың қалай кеп қалғанын байқамаған. Жеткіншектер Агра қаласына барып, Тәж-Махал кесенесіне тәу етпек болған екен. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: