Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты мешіттердің қасиетті Рамазан айына дайындығын зерделеу мақсатында «Жүніс молда» мешітіне зиярат етіп қайтты.
Мешіт имамы алдағы Рамазан айына жоспарымен бөлісті. Азамат Берікұлы ауыл имамына бірқатар тапсырмалар берді. Мешіттің тазалығы мен кешкі жарықтандыру шамдарын қолға алу, бейнебақылау камераларының жұмысын қамтамасыз ету, сонымен қатар мешіт сөрелеріндегі кітаптарды бақылап әрдайым назарда ұстау керектігін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі