Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты жаңадан салынып жатқан мешітті зерделеп, құрылысымен танысып қайтты. Кездесу барысында, осы мешітті бастан аяқ құрылысын жүргізіп жатқан Айтимбетов Мубарак Сағынбайұлы мен бас қасында көмек қолын созып жүрген азаматтармен кездесіп, мешіт ахуалымен танысты.
Мешіт құрылысы 2015 жылы басталып, қаржы мәселесіне келіп тоқтап қалған. Алланың қалауымен 2020 жылы қайта қолға алынды. Қазіргі күні міні қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылып жатыр.
Бас имам Азамат Берікұлы ағаларымызға күш-қуат, қажыр-қайрат тіледі. Алла істеріңізге береке берсін, мол-мол сауаптан жазсын. Ақыретте жәннаттан зәулім сарай нәсіп етуін тілеп, дұға жасады.
Мешіт құрылысы қанша уақытқа созылатыны белгісіз, өйткені мемлекет салып жатқан нысан емес. Бәрі қорға түсетін қаражатқа байланысты. Сондықтан барлық исі мұсылман бауырларымызды, осындай игі іске атсалысуға шақырамын.
Осындай игі іске атсалысып жатқан азаматтарға және ниет білдіріп жатқандарға Алла Тағала отбастарына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал аул.округы. Юбилейная аймағы, М. Жұмабаев көшесі, 1 үй.
Kaspi.kz: 4400 4301 2569 2621
+77473265347 Ашир. И
+77768491300
+77007753901
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі