#Рысқұлов: «Қолдан қолға» акциясы іске асты

#Рысқұлов: «Қолдан қолға» акциясы іске асты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының жаны жомарт жандары мен Қорағаты ауылының имамы бастаған жамағат ауылдағы тұрмысы төмен 15 мұқтаж отбасына азық-түлікпен қайырымдылық жасады. Бұл қайырымдылық  «Қолдан қолға» акциясы негізінде жасалды. Сонымен қатар, Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мұқтаж отбасыларға аз да болса да қол ұшын созып, көмек жасауды дұрыс деп тапқан еді. Акцияны «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболат пен «Қорағаты» мешітінің имамы Байғожаев Нұрдәулет ұйымдастырып, іске асырған болатын.

Азық-түлікпен қамтамасыз етілген отбасылар қайырымды іс жасап, демеуші боп, қолдау білдірген жаны жомарт ауылдастарына ризалығын білдіріп, алғыс айтты.

  Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: