"Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағатына мәйітті жуындыру, кебіндеу, орау әдептері көрсетілді. Әрбір мұсылман үшін керекті дүниелердің бірі - қайтыс болған адамды ғұсылдандырып, кебіндеу.
Адам қандай жағдайда дүние салары бір Алланың қолында, кейде ерді я әйелін жуындыратын адам табылмай жатқанда жақындарының кебіндеу жайлы білгені нұр үстіне нұр болмақ.
Көпшілікке жаназа рәсімдері жайлы мағлұматқа толы өткен тренингті мешіт ұстазы, дінтанушы Phd доктор Зейнеп Жәдіргерқызы жүргізді.
Оның әдісі, тәртібі түсіндіріліп, шариғи шарттары айтылды. Тұңғыш рет өткен ерекше кеш тек теориялық емес практикалық сауаттың дамуына үлкен үлес болды. Жамағат мұндай жиынның жиі өтуіне қолдау көрсетіп, разылық білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі