#Шу: Жастар және әжелер арасында Құран сайысы өтті

#Шу: Жастар және әжелер арасында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың шексіз рақымдылығының асыл айғағындай болған, Жаратқанның ең соңғы қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Бүкіл мұсылман жұртының жансарайының шуағы мен тіршіліктегі темірқазығына айналған Қасиетті Құран Кәрім 610 жылы Жәбірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріле бастады.

Ұрпақтан-қрпаққа аманат болып келе жатқан ұлы Құранды жаттап, тыңдау - сүннет. Осы мақсатта Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстаздары наурыз мерекесіне орай Құран сайысын өткізді. 

Жарыс жастар және апалар топтарына арналып, 2 номинация бойынша өтті. Шараға мешіт ұстаздары Лаззат Маханова мен қари Сәуле Нұрсұлтанқызы қазылық етті. Жүзден жүйрік шығып, тәджуиді мен махражы көркем деп танылған қатысушылар жүлделі орындарды иеленді. Жеңімпаздар төмендегідей: 

Апалар тобы бойынша:
1 орын - Босакбаева Руқиям
2 орын - Шонжарқызы Дариха
3 орын - Әбубәкірқызы Ләззат

Кыздар тобы бойынша:
1 орын - Турганбаева Насихат
2 орын - Мырзагелдиева Алтынай
3 орын - Байториева Галия

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Жамағат қатысушыларға Құранға деген ықылас пен махаббат арта берсін, толықтай жаттап қари атансын деген тілек білдірді. 

 Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: