Көктеммен бірге көркімен даламызға енетін ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз дархан еліміздің әр түкпірінде аталып өтілуде. Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйелдер жамағаты да айтулы күнге дүбірлі шаралар ұйымдастырып, халықтың басын қуанышта біріктірді.
Мешіт ұстаздары Лаззат Маханова мен Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйытқы болуымен өткен мерекелік кешке әжелер, мешіт шәкірттері, жамағат келіп қатысты. Көпшілікке ұлттық тағам наурыз көже таратылып, ақ дастархан басында дәмнен ауыз тиді.
Көп көрген ақ жаулықты апаларымыз наурыз көженің жасалу жолын, ішіне қосылатын дәндерді атап өтті. Ұстаздар Құран оқып, игі насихатын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі