Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің жанындағы «Қамқор» қайырымдылық дүкенінің ұйымдастыруымен Аса ауылының тұрғыны Қуат Иділбаевқа көмек берілді. Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен өткізілген іс-шарада, көмек алған отбасы өз алғысын жеткізді.
Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

