Британдық мұсылман боксшы Амир Хан (Amir Khan) өзінің ағылшын әрі мұсылман болғанын мақтан тұта отырып, діндес мұсылман бауырларын бейбіт Ислам дінін қорғауға, терроризм мен діни кемсітушілікпен күресуге шақырды.
Осындай үндеу тастай отырып, барлық мұсылмандарға Ислам дінін қорлап, жала жапқысы келетіндерден қорғайтын кез келгенін де жеткізді.
2014 жылдың желтоқсан айында Пәкістанның Пешавар қаласында орналасқан мектептегі жарысылтан 140 адам, оның ішінде балалары «Техрик-и-Талибан Пакистан» (ТТП) әскерилерінің және пәкістандық тәлибтердің лаңкестік шабуылынан жазықсыз қаза тапқан болатын. Қанды оқиға әлемді дүр сілкіндірді.
Экстремизмге қарсы шараларды қолдану үшін боксшы Амир Хан Пәкістанға арнайы барып: «Менің де кішкентай қызым бар. Осы оқиғадан жапа шеккен балалардың өз қорқыныштарын жеңіп, мектепке оқуға қайта баруларын өтінемін. Біз лаңкестердің жеңіске жетуіне ешқашан жол бермеуіміз керек», - деген қолдау сөздерін жеткізді.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті