Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда Google басшысы интернет жойылып кетеді деп болжады.
Шмидт жаһандық желінің болашағы туралы сұраққа берген жауабында осындай пікірімен бөлісті.
"Бір ауыз сөзбен жауап берейін – интернет жойылып кетеді. ІР-адрестер, сізге артылып қойған түрлі құралдар, датчиктер, тағы басқа заттар тым көп болады. Адамдар олармен жұмыс істеуге бейімделіп, бар-жоғын аңғаруды да ұмытады. Осының барлығы әсер етеді", - дейді Google басшысы Эрик Шмидт.
Шмидттің айтуынша, интернеттің болашағына смартфондар мен оларға арналған қосымша бағдарламалар көп өзгеріс әкеледі. Google басшысының айтуынша, бұл нарық мүлде ашық жатыр, деп жазады ТАСС.
Аталмыш пікірталаста Шмидт өзге де тақырыптарды, оның ішінде КХДР-ге жасаған сапары жайын қозғады. Оның айтуынша, ол жақта интернетке шығатын жол көп болғанымен, роуминг тапшы, ал желімен жұмыс істеу "биліктің қатаң бақылауында" екенін атап өтті.