Президент Назарбаевтың жеке жолдауын Сауд Арабиясының жаңа королі Салман Бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа тапсырғанын, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Еске сала кетсек, 23 қаңтарда жұмаға қараған түнде Сауд Арабиясының королі Абдалла бен Әбдел Азиз Әл Сауд қаза тапқан еді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жерлеу рәсіміне Тоқаев қатысқан болатын.
nur.kz