Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешіті мен аудандық «Мәдениет» үйінің ұйымдастыруымен әз-Наурыз мейрамы қарсаныңда, қазақтың киіз үйі тігіліп, мұражай жәдігерлері қойылып, көрме көрсетілді.
Оған облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Байзақ ауданы, Жуалы ауданы имамдары, сонымен бірге, медресе ұстаздары, ауыл имамдары аталған көрмені аралап, қызықтады. Ұйымдастырылған іс-шараға имамдар мен ұстаздар өз алғыстарын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі