OPEC мұнай экспорттаушы елдер ұйымының ірі ұйымдастырушысы, Сауд Арабиясының королі Абдалланың қайтыс болуына байланысты мұнай бағасы көтерілді.
Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып 24 kz хабарлайды.
Корольдіктің баспасөз агенттігі таратқан қайғылы хабардан соң, Нью-Йорктегі мұнай фьючерстері 3,1%-ға өскен. Сауд Арабиясы OPEC-тің былтырғы қараша айында өткізген отырысы бойынша мұнай өндіру квотасын сақтап қалуға қатысты шешім шығарғаны белгілі.
Король Абдалла таңертеңгісін 91 жасына қараған шағында дүниеден озды. Сауд Арабиясы басшысы былтыр 31 желтоқсанда өкпе қабынуы дертімен ауруханаға түскен болатын.
hibatulla.kz