Шу ауданы Жиенбет ауылында тұрғындар көпшілік болып әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Мешіт имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйытқы болуымен мереке құрметіне мешіт шәкірттері арасында Құран сайысы жасалды.
Алланың кәләмін оқуды насихаттау, қызықтыру мақсатында жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Жастардың талпынысы мен ықыласына деген құрмет ретінде жалпы жүлде қоры 70 мың теңгені құрады.
Діні мен дәстүрі сабақтасқан көктемнің жайма-шуақ күні қызықты, қуанышқа толы болды. Көпшілік ақ дастрхан басында дәмнен ауыз тиіп, наурыз көже ішті. Спорттық ойындарда күш сынасып, ұлыс күні ауыл бойына дүбірлі тоймен жалғасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі