Жамбыл облысы аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Рамазан-рухани азық" атты рухани кеш өтті. Іс-шара Самия Ахметаліқызының Құран оқуымен ашылды.
Рамазан айына дайындық, жасалатын қосымша құлшылықтар мен пайдалы ораза тақырыбы тарқатылды. Көпшілік сөзжұмбақ пен ребустар шешіліп, балдырған қыздар сұрақ-жауапқа қатысты.
Шәкірттердің ұйымдастыруымен қойылымдар қойылып, әйел-қыздарға насихат айылды. Шара соңында көпшілікке сыйлықтар тарту етіліп, алғыс хаттар табысталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі