Келе жатқан Рамазан айына рухани дайындық жасау мақсатында облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Қош келдің, Рамазан" атты әйел-қыздарға арналған семинар өтті.
Насихатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұстазы Жазира Иманалиева жүргізді. Рамазан айы кірмес бұрын қандай амалдар жасау керектігін саты-сатысымен тізбектеп, ұлық айды ықыласпен қарсы алу үшін иманды арттыратын амалдарды атады.
Көпшілік өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

