Бельгиялық саясаткер Құранға тіл тигізді

Бельгиялық саясаткер Құранға тіл тигізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бельгия Нәсілшіл және Исламға қарсы Фламанд мүддесі партиясының бұрынғы басшысы Филип Девинтер парламентте Құранға тіл тигізді. 

Филип Девинтер «Мешіттер мен радикализм» тақырыбы талқыланған отырыста Ішкі істер министріне сұрақ қоямын деген желеумен мінберге шықты. Ол қолына ұстаған Құран кітабын жоғары көтеріп, «Барлық жамандықтың қайнар көзі осында жатыр» деді. Құран адамды өлтіруге рұқсат береді дегенді алға тартқан Девинтер Бельгияда мешіттерге қаражат бөлмеу керектігін айтты, деп жазады trt.net.tr. 

Ал Ішкі істер министрі Джон Джамбон дінсіз қайраткердің сөзін айыптап, «Елімізде көптеген адамдар қасиет тұтатын кітапты балағаттап, мұсылман қоғамын мазақ қып тұрсыз», - деді.

Министр Бельгияда теріс ағымды насихаттайтын діни топтар бар екенін, бірақ Девинтердің Ислам жайлы пікіріне қосылмайтынын жеткізді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: