Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Осы сүннетке амал етіп жүрген аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы спорттық додадағы кезекті жеңісімен сүншілетті.
Волейболдан өткен аудандық Чемпионатқа "Жастар" ойын құрамасының атынан қатысып, үздік ойын көрсетті. Аталған топ жарыста сүрінбей сынан өтіп, 2-орынға ие болды.
Ал мешіттің үлгілі ұстазы "Үздік қорғаушы" номинациясымен марапатталып, арнайы диплом және кубок алып қайтты. Білімде де спортта да жастарға үлгі болып жүрген ұстаздай қыз-келіншектер қатары көп болғай.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі