Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу қаласы №36 Жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтушылармен және оқушылармен кездесті.
Бас имам теріс ағымның сипаты, қоғамға алып келіп жатқан зиянын талдап, ел болашағы болған жастарға дінді дұрыс ұстануды, діни сауатты болудың түрлі ағымдарға еріп кетпеуінен қорғайтынын, білім арқылы оң мен солды танитындарын айтып жеткізді.
Бахтияр Амантайұлы көпшіліктің теріс ағым деген не, оны ұстанушыларды қалай ажыратамыз, киімге қарап емес, адамды білім мен сенім арқылы тану сынды қоғамдық көкейкесті сауалдарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі