#Тараз: "Ар Рахман ар Рахим" мешітінде сенбілік жасалды

#Тараз: "Ар Рахман ар Рахим" мешітінде сенбілік жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні тазалыққа негізделген дін. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған жәннәттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық.

Көктем мезгілі еніп, әйел-қыздар секторы "Ар-Рахман ар-Рахим" мешітінің ұстазы Зора Айдарованың бастамасымен мешіт шәкірттері мешітке тазалық жұмыстарын жүргізді. Мешіттің іші, дәрісхана, дәретхана толықтай тазартылып, Рамазан айының алдында дайындық жасалды.

Тазалықтан тән де, жан да жасарады демекші, қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулықДенсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: