Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал ауылы "Көктал" мешітінде Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев жамағат және кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен жүздесті.
Имам қасиетті айдың қарсаңында насихат айтып, рамазан айы - мейірім айы екенін жеткізіп, осы айда халыққа барынша қолдау көрсетіп, арақ-шарап сатуды тоқтату керектігін тілге тиек етті.
Құран Кәрімде Алла Тағала мүміндерге ораза тұту жайында былай дейді: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар». Алланың мұсылман пенделері өзін және өзгелерді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Нәпсісін тізгіндейді, мейірімді, кешірімді болады. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық етушілерді сүйеді», – деп бұйырған.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі