Өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуіміз қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның "Сәбә" сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - деп келтіреді.
Тараз қаласының мешіттерінде қайырымдылық жасалып, «Шейх Зуннун» мешіті бір қойдың етін үш отбасыға және «Ар Рахман Ар Рахим» мешіті бір отбасыға азық-түлікпен көмек берді.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көпбалалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі