Тараз қаласы Барысхан аймағында үй өртеніп, «Сейдуаш ата» мешітінің имамы Ғазиз Мадыбаевтың ұйымдастыруымен 150 000 теңге көлемінде көмек берілді.
Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»-дейді.
Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Осы аятқа амал етемін деген мешіт жамағаттары қолдан келгенше көмек беруге тырысып бағуда.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі